Болашаққа деген көзқарас

Болашаққа деген көзқарас

Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап Елбасы бүкіл мемлекетімізді, бүкіл қазақстандықтарды өмірдің бүкіл салаларында нақты нәтижеге қол жеткізіп, әл-ауқатымыздың әр уақытта жақсаруына өз үлесін қосып келеді.

Бүгін Қазақстан – жетістіктері мен талпыныстарын әлем таныған, қалыптасқан жас мемлекет. Ең бастысы, біздің еліміз дамудағы болашағы мен әулеті мол мемлекет.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Елбасының Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» - деп айтқан еді.

Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу – абыройлы іс деп білемін. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол деп айтсақ болады.

Елбасының «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жодауын жастар да зор ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыруғ жолында құлшыныспен еңбек ете бермек.

Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық сеніммен қарайтын көреген адамның ғана қолынан келетіні белгілі.

Жалпы, Жодауда айтылған барлық басымдық – елімізді одан да биік белестерді бағындыруға жетелейтін жасампаз бағдарлама.

         Қарағанды қаласы Қазыбек би

атындағы аудан прокуратурасының

бөлім прокуроры М. Семизбаева

  • Нравится
  • Материалы по дате (общество)

    « Сентябрь 2018 »
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
              1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30